Исламдық қаржыландыру туралы мифтер

Исламдық қаржыландыру туралы мифтер

 

1. ИСЛАМДЫҚ ҚАРЖЫЛА Р ТЕГІН БЕРІЛЕДІ

Исламдық несиелер көбінесе «пайызсыз» деп аталады және бұл жалпы қате түсінік тудырады. Халық түсінігінде  несие бойынша сыйақы оны пайдалану үшін төлем болып табылады деген ой бар, сондықтан «пайызсыз» термині «тегін» деп қабылданады. Бұл қате түсінік «исламдық несие» деген тұжырымдамамен байланысты, себебі банктік несие дегенде пайызға берілген ақшалай қарызды білдіреді. Осылайша, «ислам несиесі» немесе «пайызсыз қарыз» ұғымына сәйкес біз қарызсыз ақша сомасын көргіміз келеді.

Исламдық қаржы ұйымдары ең алдымен табыс табуды мақсат ететін коммерциялық ұйымдар болып табылады.

Қаржыландыру кезінде исламдық қаржылық ұйымдар болашақ инфляцияны, тәуекелдерді, кіріст мөлшерін қамтитын «үстеме баға» қосуға құқылы.

2. ИСЛАМДЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТЕК МҰСЫЛМАНДАРҒА ҒАНА БЕРІЛЕДІ

Қаржылық ұйымдар исламдық қаржыландырумен діни нанымдарына байланыссыз барлық адамдарды қамтамасыз етеді. Исламдық қаржыландырудың Ұлыбритания, АҚШ, Германия және басқа да зайырлы мемлекеттерде танымалдығы тамаша үлгі болып табылады.

3. ИСЛАМДЫҚ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫ ТӨЛЕУ МЕРЗІМІН КЕШІКТІРІП АЛҒАНЫ ҮШІН КЛИЕНТТЕРІНЕН АЙЫППҰЛДАР АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ҚАРЫЗДАРЫН «КЕШІРУГЕ» МІНДЕТТІ

Тәртіптік мақсатта исламдық қаржы ұйымдары клиенттен ақы төлеуді кешіктіргені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды өндіре алады. Бұл ретте айыппұлдар мен өсімпұлдардың сомасы қаржы ұйымының табысы ретінде танылмайды және айыппұлдар мен өсімпұлдарды төлеген клиенттің атынан қайырымдылық ұйымдарға жіберіледі.

Исламдық қаржы ұйымдары қайырымдылық ұйымдары емес және бірінші кезекте табыс табуды көздейді. Осыған байланысты, олар клиенттен алынған несиені «есептен шығара», «кешіре» алмайды. Исламдық қаржы ұйымдары мүлікті кепілдік ретінде беруді талап етуге құқылы, ал қарыз алушының дефолты болған жағдайда сот арқылы шығындарын өтей алады.

4. ИСЛАМДЫҚ БАНКТЕР РЕТТЕЛМЕЙДІ

Исламдық қаржылық ұйымдарды реттеу Шариғат бақылауын, исламдық қаржылық мәмілелердің ерекшелігін ескере отырып,  дәстүрлі қаржы ұйымдарын сияқты мемелекет тарапынан реттеуді және халықаралық реттеуді көздейді.

5. ТЕРРОРИЗМДІ ҚОЛДАУҒА АҚША ЖҰМСАЙДЫ

Исламдық қаржы нарығы дәстүрлі қаржы нарығы сияқты реттеледі, яғни сәйкес заңдар мен нормативті-құқықтық актілер қолданылады. Сонымен қатар, мемлекеттік реттеу және қадағалау органдары исламдық қаржы институттарының қаражатының қозғалысы туралы ақпаратқа толық қол жеткізе алады.

Бұдан басқа, 2009 жылы «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы қабылданды. Заңға сәйкес, қаржы мониторингі субъектілеріне банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сақтандыру ұйымдары және брокерлер, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары жатады. Ислам банктері де осы қаржы институттарының қатарына кіреді. Сондықтан, бұл институттардың терроризмге ешқандай қатысы болуы мүмкін емес.

6. КЕЗ КЕЛГЕН НЕСИЕ – РИБА

Біз «несие» термині, әдетте, несие бойынша белгілі бір уақыт кезеңі ішінде клиентке қарыз болып табылатын банктік қарызға қатысты деп дағдыландық. Сонымен қатар, несиенің басқа да түрлері бар екенін ұмыттық.

Коммерциялық несие – бір тараптың (несие алушының) екінші тарапқа (несие берушінің) ақша мен басқа да заттардың берілуін көздейтін қарыз түрі. Бұл ретте, несие алушы несие берушіге бірдей ақшалай соманы немесе бірдей түрдегі және сападағы заттардың тең мөлшерін уақтылы қайтаруға міндеттенеді. Қазіргі коммерциялық несие аванстық төлем түрінде, алдын ала төлемдер, тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді төлеуді кейінге қалдыру және өтеу түрінде беріледі.

Осылайша, «банк несиесі» және «коммерциялық несие» сияқты ұғымдардың арасындағы айырмашылық бар екені анық. Банктік несие «риба» элементтерін қамтиды, коммерциялық несиеде бұл элемент көзделмеген. Өз кезегінде ислам несиесі коммерциялық несие нысаны болып табылады.

«Ислам несиесі» дегеніміз не?

Исламдық банктер қаржыландырудың үш практикасының біреуінің негізінде жұмыс істейді:

  1. коммерциялық несиені ұсынатын сауда делдалы ретінде;
  2. лизинг (жалдау) шарттары бойынша;
  3. серіктестік шарттары туралы.

 

7. ПАЙЫЗ РИБА БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ

Бастапқыда, ислам банктерінің клиенттері оларға ислам несие «пайызбен» берілетінін естіп, аң-таң болуы мүмкін. «Пайызбен» беру «риба» емес пе. Бұл миф «пайыз» терминін және «рибаны» түсінбеушіліктен туындады.

«Пайыздың» не екенін анықтауға тырысайық. Мектептік математика курсы «пайыз» - бір нәрсенің жүзден бір бөлігі екендігін, «%» белгіленетінін есімізге салады. Мысалы, 100 грамм 1 кг-ның 10% құрайды. Пайызбен тұтастай заттың кез келген бөлігін айқындауға болады.

«Риба» - қарыздың кешігуі үшін сыйақы ретінде алынған артық шама. Бұл артықшылық номиналды түрде де, мысалы, 1000 теңге көлемінде берешек сомадан 120 теңге, сол сияқты  пайыздық нысанда 1000 теңгеден 12% ретінде белгіленуі мүмкін. Мәні өзгермейді, нысандары ғана әртүрлі.

Осылайша «пайыз» және «риба» бірдей емес екені анық. «Пайыз» тек «рибаның» сомасын білдіру формасы ретінде ғана қолданылады.

Өз кезегінде, ислам банктері табыс деңгейін анықтау үшін  «пайызды» қолданады, бұл өз кезегінде «рибаны» білдірмейді. Мысалы, 9% ислам несиесі банк мәміле арқылы 9% мөлшерінде табыс алатынын білдіреді, бірақ мәміледе «риба» элементтері жоқ.

Сондай-ақ, көптеген қаржы институттары пайыздық сыйақыны бэнчмарк ретінде қолдануы мүмкін. Олар ислам өнімдері бойынша үстеме бағаны немесе табысты көбінесе критерий ретінде  LIBOR (London Interbank Offer Rate) қолданылатын ағымдағы пайыздық сыйақыны қолданылуы мүмкін. Мысалы, егер LIBOR 6% құраса, олар үстеме бағаны LIBOR-ға тең немесе одан жоғары етіп қояды.

footop