Исламдық лизинг және жалға беру

Исламдық лизинг және жалға беру

 

 

ИДЖАРА

Иджара – Исламдық қаржыландыру әлеміндегі екінші ең танымал өнім (Мурабаха келісімшартынан кейін).

«ИДЖАРА» ҰҒЫМЫНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ  

Иджара – мүлікті операциялық жалдау (жылжымалы немесе жылжымайтын) – мүлікті уақытша пайдаланымға жалға беру, есесіне жалгерлік төлем алу.

Иджара келісімшарты бойынша меншік құқығы жалға берушіге тиесілі, ал жалға алушыға тек мүлікпен пайдалану құқығы ғана беріледі.

Иджара Мунтахия Биттамлик – Исламдық лизинг (кейіннен меншік құқығына иелендіру мақсатындағы жалға беру) – кейіннен меншік құқығына иелендіру мақсатында мүлікті басқа тұлғаға уақытша пайдаланымға беру, есесіне жалгерлік төлем/лизингтік төлемдер алу.

Мүлікке меншік құқығы Иджара келісімшарты аяқталғаннан кейін, жекелеген келісім бойынша беріледі.

Операциялық жалдау (Иджара) мен Исламдық лизингке (Иджара Мунтахия Биттамлик) Шариғат қағидалары бірдей болып келеді. Сол себепті, Исламдық қаржы әлеміндегі «Иджара» ұғымы операциялық жалдауға келгенде де, Исламдық лизингке келгенде де қолданыла береді.

ҚАРЖЫЛАНДЫРУ СХЕМАСЫ

  1. Клиент Исламдық лизингке алғысы келген мүлік пен мүлік/тауарды жеткізушіні іздеп табады;
  2. Клиент Исламдық компанияға (ИК) мүлікті/тауарды сатып алу жөнінде өтініш тастайды және де мүлікті/тауарды Исламдық лизингке алу туралы міндеттеме алады;
  3. ИК мүлікті/тауарды Клиентке өткізеді/береді;
  4. Клиент ай сайынғы лизингтік төлемдерді өтеп отырады;
  5. Исламдық лизингтің аяқталған сәтінде, ИК Клиентке жекелеген келісім бойынша меншік құқығын өткізеді/береді.

ЛИЗИНГ НЫСАНАСЫ/МӘНІ

  1. Тұтынылмаушылық
    Исламдық лизингке өткізілетін мүліктер/тауарлар (кәсіпорындар мен басқа да мүліктік кешендер, жер телімдері, ғимараттар, құрылыстар, жабдықтар, көлік құралдары) өз табиғи құндылықтарын пайдалану барысында жоғалтпайды (тұтынылмайтын заттар):
    • кәсіпорындар мен басқа да мүліктік кешендер;
    • жер телімдері;
    • ғимараттар мен құрылыстар
    • жабдықтар;
    • көлік құралдары;
    • арнаулы техника
  2. Мақсатты қолдану
    Клиент мүлікті/тауарды Иджара келісімшартында көрсетілмеген өзге мақсатта пайдалана алмайды. Егер Иджара келісімшартында мүлікті/тауарды қолдану мақсаты жайлы тармақ болмаса, Клиент мүлікті/тауарды сол мүлікке/тауарға арналған кез-келген мақсатта қолдана алады.
  3. Шариғат қағидаларына сәйкестілік
    Клиент лизинг нысанасын Шариғат қағидаларына сәйкес келмейтін мақсатта қолдана алмайды.

ЛИЗИНГТІК ТӨЛЕМ 

  1. Лизингтік төлем (ЛТ) Иджара келісімшартына отыру барысында анықталуы тиіс;
  2. ЛТ Исламдық лизинг уақытысында мерзімді немесе бірден төленуіне болады;
  3. ЛТ белгілі бір сома түрінде немесе ауыспалы төлем түрінде (Иджара келісімінде анықталған әдіске байланысты есептелген сома) орнатылуы мүмкін;
  4. Белгілі бір индекске жалғай отырып (инфляция, валюта бағамы), ЛТ-ны индекстеу мүмкіндігі бар.
  5. ИК-ның ЛТ-дерді қабылдауға хақы тек мүлікті/тауарды пайдалану басталғаннан кейін немесе кедергісіз мүлікпен/тауармен қолдану мүмкіндік берілгеннен кейін ғана болады.
    Бұл талап мүлікті/тауарды ұзақ мерзімді жеткізу жағдайында ерекше маңызды.
  6. Мерзімі өткен ЛТ Клиенттің ИК алдындағы қарызы болып есептеледі және ұлғайтуға  ұшырамайды/келмейді ( өсімге тыйым салынған – Риба).
  7. ЛТ бірнеше бөлікке бөліне алады:
    a. Тиянақталған бөлік – мүлікті сатып алу үшін ИК-ның көтерген шығындарының жалпы сомасын көрсетеді;
    b. Айнымалы бөлік – белгілі бір әдіспен есептелетін ИК пайдасы;
    c. Қосымша бөлік – Клиентте қалатын ЛТ бөлігі және ол ИК-мен келісілген түрлі шығындарды жабуға пайдаланылады. Мысалы, олар күрделі жөндеу өткізуге, сақтандыруға және т.б.  байланысты шығыстар.

ИДЖАРА КЕЛІСІМШАРТЫ БОЙЫНША ТӘУЕКЕЛДЕР МЕН ШЫҒЫНДАР

  1. ИК-ның меншік иесі ретінде меншік құқығын иемденуіне байланысты көтеретін шығындары:
    a. Кедендік шығындар;
    b. Тасымалдау;
    c. Сақтандыру;
    d. Күрделі жөндеу.
  2. ИК бұл шығындарды ЛТ мөлшерін орнату барысында ескеруге құқылы.
  3. Пайдаланумен байланысты шығындарды Клиент көтереді, мысалы:
    a. Сервистік техникалық қызмет көрсету;
    b. Ағымдағы жөндеу.

ИДЖАРА КЕЛІСІМШАРТЫ БОЙЫНША ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Өз тәуекелдерін төмендету және Клиент тарапынан тәртіпті арттыру мақсатында, Шариғат қағидаларына сәйкес, міндеттемелерді орындау үшін Иджара келісімшартында мынадай құралдарды пайдалануға болады:

  1. Қамтамасыз ету сомасы және Аванс
    Клиенттің ИК-ға өтініш жасау барысында өз ниетінің түзу және төлем қабілеттілігін растайтын төлем сомасы. Бұл сома Клиенттің мүлікті/тауарды жалға алу туралы уәдесін бұзып, ИК-ға келтірлген зиянды өтеуге кепілдік береді. Сондай-ақ, бұл сома Иджара келісімшартына қол қою барысында Аванс шотында есепке қосылады.
  2. Кепілдер мен кепілдіктер
    ИК Клиенттен қамтамасыз ету үшін Иджара келісімшарты бойынша үшінші тарап кепілдігін, жылжымайтын және жылжымалы мүлік кепілін талап етуге құқылы.
    Мүліктік кепіл беру міндетті талап болып табылмайды. Себебі, іс жүзінде лизинг заты ИК-ның жеке меншігі екендігі жеткілікті.
  3. Мерзімінен бұрын бұзұ шарттары
    Клиент кезекті ЛТ төлеуден бас тартқан жағдайда немесе төлем мерзімі өтіп, төлемдерді өтеуді кешіктірсе, ИК мерзімінен бұрын Иджара келісімшартын бір жақты бұзып, мүлікті қолданыстан шығаруға құқылы.
  4. Қайырмалдыққа міндеттеме
    Клиенттің төлеу мерзімін өткізіп алуы немесе Иджара келісімшартының басқа да шарттарын бұзуы орын алған жағдайда, қайырымдылық мақсатында қайырмалдық өтеуге міндеттемесі.

 

ЛИЗИНГ ЛНЫСАНАСЫНА МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН БЕРУ

  1. Мүлікке меншік құқығын беру жеке келісім негізінде жүзеге асырылады.
  2. Меншік құқығын беру Иджара келісімшартының күш-қуаты аяқталғаннан кейін орындалады.
  3. Иджара келісімшартының күш-қуаты аяқталғанға дейін ИК бір жақты міндеттеме жасай алады:
    a. мүлікке меншік құқығын беру міндеттемесі Иджара келісімшарты аяқталғаннан кейін орын алалды.
  4. Немесе Клиенттің бір жақты міндеттеме жасауы мүмкін:
    a. Мүлікке меншік құқығын иемдену/алу міндеттемесі Иджара келісімшарты аяқталғаннан кейін орын алады.
  5. Міндеттеме бір жақты болады, яғни тек бір жаққа ғана міндет жүктеу сипатында келеді. Екінші жақ таңдау құқығына иелі.

ИДЖАРА КЕЛІСІМШАРТЫН ДӘСТҮРЛІ ЛИЗИНГПЕН САЛЫСТЫРУ

Шарттары ИДЖАРА ДӘСТҮРЛІ ЛИЗИНГ
1 Шариғат қағидаларына сәйкестілік Бар Жоқ
2 Өсімқорлық (Риба) Бар Жоқ
3 Төлемдерді өтеу Мүлікпен қолдану басталған сәттен басталады Келісімшартқа қол қойылған сәттен басталады
4 Тәуекелдерді/шығындарды бөлу Бар Жоқ
5 Мүлікті сақтандыру Лизинг берушінің міндеті Лизинг алушының міндеті
6 Айыппұл Қайырымдылыққа жіберіледі Лизингтік компанияның пайдасы(Риба)
7 Мерзімінен бұрын өтегені үшін айыппұл Жоқ Бар

ИДЖАРА КЕЛІСІМШАРТЫН БАНКТІК ҚАРЫЗБЕН САЛЫСТЫРУ

ШАРТТАРЫ ИДЖАРА Банктік қарыз
1 Шариғат қағидаларына сәйкестілік Бар Жоқ
2
Өсімқорлық (Риба)
Жоқ
 
Бар
3 Мәміле түрі Аренда/Лизинг Қарыз
4 Пайда Рента Қарыз пайызы (Риба)
5 Төлемдерді өтеу Мүлікпен қолдану басталған сәттен басталады Келісімшартқа қол қойылған сәттен басталады
6 Тәуекелдерді/шығындарды бөлу Бар Жоқ
7 Қамтамасыз ету Лизинг нысанасы Кепілдік мүлік
8 Айыппұл Қайырымдылыққа жіберіледі Лизингтік компанияның пайдасы(Риба)
9 Мерзімінен бұрын өтегені үшін айыппұл Жоқ Бар

 

ҚАЙТАРЫЛМА ЛИЗИНГ

Қайтарылма лизинг – Шариғат қағидаларына сай Иджара келісімшарты бойынша өтімділік беру құралы.

Қайтарылма лизинг – Иджара мәмілесінің көрінісі. Мұнда ИК Клиенттен мүлікті сатып алады да, кейіннен сол мүлікті дәл сол Клиентке лизингке/жалға береді.

ҚАРЖЫЛАНДЫРУ СХЕМАСЫ

  1. Клиент Исламдық компанияға (ИК) өтініш жолдайды;
  2. ИК Клиенттен мүлікті жеке меншігіне сатып алады;
  3. ИК мүлікті Исламдық лизингке Клиентке береді;
  4. Клиент ай сайынғы лизингтік төлемдер өтеп отырады;
  5. Исламдық лизингтің аяқталу мерзіміне қарай, ИК Клиентке мүлікке меншік құқығын жеке келісім негізінде береді.

ҚАЙТАРЫЛМА ЛИЗИНГТІҢ РҰҚСАТ ЕТІЛУ ШАРТТАРЫ

Шариғат қағидаларына сәйкес, қайтарылма лизинг жағдайында мынадай талаптар орындалуы тиіс:

  1. Иджара мәмілесі ИК мүлік алатын сатып алу-сату келісімшартының шарттарымен көрсетіле алмайды.
  2. Иджара келісімшартын жасасу мен Клиентке меншік құқығын беру күнінің арасында уақыт кезеңі ағу керек. Бұл уақыт кезеңі мүлік немесе мүлік бағасы өзгеріске ұшырауға жеткілікті болатындай ұзақ болуы тиіс.

 

footop