Исламдық сауда келісімдері

Исламдық сауда келісімдері

 

Мурабаха

Мурабаха – бұл әлемдегі Исламдық банктер мен Исламдық қаржы компанияларының қаржыландыру саласында қолданатын ең кең таралған әдістерінің бірі.

«МУРАБАХА» ҰҒЫМЫНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ

Мурабаха – бұл тауардың өзіндік құнына үстеме бағаны қосқандағы шыққан сомаға тауарды сату. 
Тауарды Исламдық қаржы компаниясынан (ИК) сатып алуы жөнінде Клиенттің алдын-ала уәде етуі Банктік Мурабаха (немесес Ақырғы сатып алушыға арналған Мурабаха) деп аталады. Бұл Мурабаха мәмілесінің түрлерінің бірі.

ҚАРЖЫЛАНДЫРУ СХЕМАСЫ:

  1. Клиент Исламдық қаржы компаниясына (ИК) қажетті тауардың сатып алуы жөнінде өтініш жолдайды.
  2. ИК тауарды тауар жеткізушіден сатып алады.
  3. ИК Клиентпен Мурабаха келісім шартына отырады және тауарды Клиенттің жеке меншігіне өткізеді.
  4. Клиент міндеттемесін орындап бітіргенге дейін мерзімдік төлемдер төлейді.

МУРАБАХА МӘМІЛЕСІНДЕГІ ҮСТЕМЕ БАҒА

Мурабаха ұғымы өз түбірін араб тіліндегі «Рибх» (үстеме баға) сөзінен алады.

Мурабаха келісімшарты бойынша Саудалық үстеме баға дегеніміз Исламдық қаржы компаниясының (ИК) тауардың құнына қосатын ақша сомасы (-мен анықталады)?. 
ИК өз пайдасын осы саудалық үстеме баға арқылы қалыстастырады.

Мурабаха келісімшартында үстеме бағаның мөлшері нақты сома ретінде және тауардың өзіндік құнына пайыздық арақатынасы ретінде тіркелуі мүмкін.

Мурабаха мәмілесіндегі маңызды шарттардың бірі – ол келісімшартқа қол қою барысында тауардың бағасы ( өзіндік құн + үстеме баға) тіркеледі және әрі қарай өзгеріске жатпайды.

РИБА (ҚАРЫЗ/НЕСИЕ ПАЙЫЗЫ) VS РИБХ (ҮСТЕМЕ БАҒА)

«Сондай өсім жегендер (қабірлерінен) жын соғып тұрғандай есенгіреп тұрады. Бұл олардың: «Сауда да тура өсім сияқты» деп айтқандығынан. Ал негізінде Алла сауданы халал, өсімді харам еткен. Сонда кім Раббысынан насихат келгенде тыйылса, бұрынырақта өсімнен тапқан табысы өзіне тиесілі болып қалады. Оның ісі Аллаға тапсырылады. Ал кім өсімді адал санап, қайтадан өсімқорлыққа салынса, міне солар тозақтықтар. Олар онда мәңгі қалады. Алла өсімді жояды да сауданы арттырады. Әрі Алла барлық қарсы келуші күнәларды жақсы көрмейді».
275 аят Бақара сүресі аударма Халиф Алтай

Риба (Несие пайызы) мен Рибх (Үстеме баға) бір-бірінен өзгеше/ұқсамайды, себебі табыстың табылу жолдары бөлек/ әр түрлі/әрқилы. Сауда экономиканың нақты секторында орындалады/орын алады. Сатып алу – сату адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырады. Ал, қарыздар/несиелер ұсыну керісінше адамдардың қажеттіліктерін тікелей қанағаттандыра алмайды, себебі ақша өздігінен тек алмасу құралы болып табылады. Рибх (Үстеме баға) экономикалық қызметке белсене қатысу/араласу арқылы табылса/қол жеткізілсе, ал  Риба (Өсім) өндірісте кредиторлардың қатысуынсыз селқос табылған. 

МУРАБАХА КЕЛІСІМШАРТЫНДАҒЫ БӨЛІП ТӨЛЕУ

Мурабаха келісімшарты бойынша тауардың бағасын төлеу «бөліп төлеу» немесе «төлемді кейінге қалдыру» арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Исламдық қаржыландырудағы бөліп төлеу немесе төлемді кейінге қалдыру сатып алу- сату келісімшарттары «Бай Муаджаль» деп аталады. 
Шариғат қағидаларына сәйкес, бөліп төленуге немесе төлемді кейінге қалдыруға сатып алынған тауардың бағасы, дәл сондай тауардың тез арада сатылудағы бағасынан жоғары болуына болады.

Сонымен қатар, Шариғат «Бай Муаджаль» мәмілесін қатаң шарттарға жүктейді:

  1. Келісімшартта төлемдерді төлеу мерзімдері нақты анықталуы тиіс.
  2. Тауардың бағасы (өзіндік құн + үстеме баға) келісімшартқа қол қою барысында анықталады және тіркеледі.
  3. Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін, тауардың бағасы әрі қарай өзгеріске ұшырауға жатпайды. Яғни, мерзімінен бұрын төлемдер өтелсе, тауардың бағасы азаймайды және төлеу мерзімін өткізіп алса, тауардың бағасы артпайды.

МУРАБАХА КЕЛІСІМШАРТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ШАРТТАРЫ:

  1. Үстеме баға: Үстеме баға мөлшері мен тауардың Өзіндік құнын міндетті түрде ашық жариялау.
  2. Жүйелілік/реттілік: Мурабаха келісімшартына қол қою тек тауардың нақты сатып алынғанынан кейін ғана мүмкін.
  3. Жасанды/көлгір/өтірік мәміле: Клиенттен сатып алынған тауарды өзіне қайтадан сатуға тыйым салынады.
  4. Тауар: Тауар ретінде қарастырылмайды: алтын, күміс және валюта.
  5. Бағаның тұрақтылығы: Келісімшартқа қол қою барысында тауардың бағасы тіркеледі және әрі қарай өзгертуге жатпайды.
  6. Меншік құқығы: Тауар келісімшартқа қол қою барысында Клиенттің жеке меншігіне өтеді.
  7. Қосымша шығыстар: ИК Клиентке тауардың өзіндік құнына енгізілген барлық шығыстардың тізбесін міндетті түрде ашып көрсетуі тиіс.
  8. Тауар жеткізушіні таңдау: Клиент (Тапсырыс беруші) тауарды жеткізушіні таңдауға құқылы.
  9. Ақпаратты ашып көрсету: егер ИК тауарды тауар жеткізушіден бөліп төлеу немесе төлемді кейінге қалдыру шартымен сатып алса, онда ИК бұл жөнінде Клиентті хабардар етуге міндетті.
  10. Тауар жеткізушіден жеңілдік: егер ИК тауар жеткізушіден жеңілдік алса, онда ИК Клиентке де тауар бағасын алған жеңілдігіне пропорционалды түрде түсіруге міндетті.

ШАРИҒАТҚА СӘЙКЕС САУДА ЕРЕЖЕЛЕРІ

Мурабаха сауда мәмілесі болып табылғандықтан, жоғарыда көрсетілген шарттардан басқа Мурабаха келісімшарты шариғатпен белгіленген барлық сауда ережелеріне сай болуы тиіс:

  1. тауар мәміле жасау барысында бар болуы тиіс; (существование)
  2. сатушы тауардың меншік иесі болуы тиіс; (собственность)
  3. тауар сатушының иелігінде болуы тиіс; (владение)
  4. сауда шұғыл орындалады; (спот)
  5. тауар құнды болуы тиіс; Тауар құндылығы бар болуы тиіс;
  6. «Харам» санатындағы тауарларды сатуға қатаң тыйым салынады;
  7. тауар анық белгіленген және нақты анықталған болуы тиіс;
  8. сату бағасы нақты анықталуы тиіс;
  9. тауарды жеткізу күні нақты анықталып, белгісіз оқиғаларға тәуелді болмауы тиіс;
  10. сату сөзсіз/шүбәсіз орындалуы тиіс.

МУРАБАХА КЕЛІСІМШАРТЫ БОЙЫНША ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Өз тәуекелдерін төмендету және Клиент тарапынан тәртіпті күшейту мақсатында, Мурабаха келісімшарты бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін, Шариғат талаптарына сай келетін мынадай құралдарды пайдалануға болады:

  1. Қамтамасыз ету сомасы және Алғытөлем/Аванс.
    Клиент ИК-ға тауарды сатып алу жөнінде өтініш жасау барысында өз ниетінің шыншыл екенін және де төлем жүргізуге қабілетті екенін растау үшін енгізетін сомасы.  Бұл сома Клиенттің тауарды сатып алу жөніндегі уәдесін орындамаған жағдайда, ИК-ға келтірілген зиянның орнын толтыруға кепілдік береді. Сондай-ақ бұл сома Мурабаха келісімшартына қол қою барысында Аванс шотына қосылады.
  2. Кепілдер мен кепілдіктер.
    ИК Клиенттен Мурабаха келісімшарты бойынша қамтамасыз ету үшін үшінші тұлғаның Кепілдігін, Клиенттің жылжитын немесе жылжимайтын Кепілін талап етуге құқылы (Мурабаха келісімшартындағы тауарды қоса есептегенде).
  3. Мерзімінен бұрын өтеу шарттары. Клиенттің Кезекті төлемді төлеуден бас тартқан жағдайында немесе Төлемді мерзімінен кешіктірген жағдайында, ИК Клиенттен Мурабаха келісімшарты бойынша барлық соманы мерзімінен бұрын өтеуін талап етуге құқылы.
  4. Қайырымдылық туралы міндеттеме.
    Клиенттің төлем мерзімін өткізіп алуы немесе Мурабаха келісімшарты бойынша басқа да шарттарды бұзуы, Клиентті қайырымдылық іс-шараларға төлемақы төлеуіне міндеттейді.

МУРАБАХА КЕЛІСІМШАРТЫ БОЙЫНША МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ӨТЕУ

Шариғат қағидаларына сәйкес Клиент төлемдерді мерзімінен бұрын өтеген жағдайда және бұл мәселе Мурабаха келісімшартында алдын-ала қарастырылмаса, ИК сома бөлігінен (жеңілдік жасаудан) бас тартуына рұқсат етіледі.Жеңілдік ИК-нің біржақты ерікті құқығы болып табылады. Мурабаха келісімшартының талаптары бойынша, Клиенттің төлемдерді мерзімінен бұрын өтегені үшін ИК-ны жеңілдік жасауға міндеттей алмайды.

МУРАБАХА КЕЛІСІМШАРТЫ МЕН БАНКТІК НЕСИЕНІ САЛЫСТЫРУ:

Шарттары Мурабаха Банктік Несие
1 Шариғат талаптарына сәйкес Ия Жоқ
2 Өсім (риба) Жоқ Бар
3 Мәміле түрі Сауда Қарыз
4 Пайда Рибх (үстем баға) Риба (өсім)
5 Пайда мөлшері Келісімшартта тіркеледі Уақыт өткен сайын өзгереді
6 Айыппұл Қайырымдылық қорларына жіберіледі Банк пайдасы
7 Мерзімінен бұрын өтегені үшін айыппұл Жоқ Бар

 

 

Таваррук

Таваррук - Исламдық банктер мен Исламдық қаржы компанияларының өтімділікті қамтамасыз етудің ( ақшалай қаражаттың жетіспеулігін жабу) әлемдегі ең кең тараған әдістерінің бірі.

«ТАВАРРУК» ҰҒЫМЫНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ

Таваррук – бұл Мурабаха келісімшартының талаптарына сай келетін ақшалай қаражат алу мақсатында жасалынатын алу-сату мәмілесі.
Сондай-ақ Таваррук мәмілесі Исламдық қаржы әлемінде «Тауарлық Мурабаха» (ағыл. Commodity Murabaha) атты есімімен танымал.

ҚАРЖЫЛАНДЫРУ СХЕМАСЫ

  1. Клиент Исламдық қаржы компаниясына (ИК) қажетті тауардың сатып алуы жөнінде өтініш жолдайды;
  2. ИК тауарды тауар жеткізушіден сатып алады;
  3. ИК Клиентпен Мурабаха келісім шартына отырады және тауарды Клиенттің жеке меншігіне өткізеді;
  4. Клиент тауарды ақырғы сатып алушыға сатып, сол арқылы ақшалай қаражатқа қол жеткізізеді.
  5. Әрі қарай Клиент міндеттемесін орындап бітіргенге дейін мерзімдік төлемдер төлейді.

ТАВАРРУК МӘМІЛЕСІНДЕГІ ҮСТЕМЕ БАҒА

Таваррук мәмілесі (Тауарлық Мурабаха) толығымен Мурабаха келісімшартына негізделген. Ал, ол өз кезегінде үстеме бағаның болуын қамтиды. Мурабаха саудасының үстеме бағасы дегеніміз тауардың құнына Исламдық қаржы компаниясының (ИК) қосатын ақша сомасы. ИК осы үстеме бағаның есебінен өз пайдасын қалыптастырады.
Мурабаха келісімшартында үстеме бағаның мөлшері нақты ақша сомасы ретінде, немесе тауардың өз құнына проценттік арақатынасы ретінде жазылуы мүмкін.
Мурабаха келісімшартының ең басты талаптарының бірі – ол келісімге қол қою барысында тауар бағасы ( өзіндік құн + үстеме баға) тіркеледі және одан әрі өзгеріске ұшырамайды.

БАЙ АЛЬ-ИНА VS. ТАВАРРУК

«Сондай өсім жегендер (қабірлерінен) жын соғып тұрғандай есенгіреп тұрады. Бұл олардың: «Сауда да тура өсім сияқты» деп айтқандығынан. Ал негізінде Алла сауданы халал, өсімді харам еткен. Сонда кім Раббысынан насихат келгенде тыйылса, бұрынырақта өсімнен тапқан табысы өзіне тиесілі болып қалады. Оның ісі Аллаға тапсырылады. Ал кім өсімді адал санап, қайтадан өсімқорлыққа салынса, міне солар тозақтықтар. Олар онда мәңгі қалады. Алла өсімді жояды да сауданы арттырады. Әрі Алла барлық қарсы келуші күнәларды жақсы көрмейді.»
Бақара сүресі, 275 аят ХАЛИФ АЛТАЙ

Таваррук мәмілесі тауарды белгілі бір тұлғадан жоғары бағаға бөліп-бөліп төлеу рұқсатымен сатып алу, және сол тауарды үшінші тұлғаға тез арада жене де арзан бағаға сату.
Жасанды/көлгір/өтірік мәміле ( Бай аль-Ина) дегеніміз тауарды белгілі бір тұлғадан неғұрлым жоғары бағаға ұзақ мерзімге бөліп төлеу шартымен сатып алып, дәл сол тауарды сол тұлғаға қайтадан сату, бірақ тез арада және неғұрлым төмен бағамен. Бұл Шариғат талаптарына қайшы келеді, себебі өз ішінде өсімнің (рибаның) элементтерін қамтиды.
Таваррук мәмілесінде ақырғы сатып алушы үшінші тұлға болуы тиіс. Яғни, тауар сатып алынған сатушыдан бөлек тұлға болуы міндетті.

ТАВАРРУК МӘМІЛЕСІНІҢ ЖҮЗЕГЕ АСУ ШАРТТАРЫ:

  1. Міндетті түрде сатып алу-сату мәмілесіне қатысты барлық Шарағат талаптарын ұстану;
  2. Міндетті түрде Мурабаха келісімшартына сай барлық Шариғат талаптарын ұстану;
  3. Ақырғы сатып алушы тауар сатып алынған алғашқы сатушыдан бөлек тұлға болуы тиіс;
  4. Мурабаха келісімшарты бойынша бөліп төлеу арқылы тауарды сатып алу және кейіннен сол тауарды үшінші тұлғаға сату – бір-бірінен тәуелсіз әрекеттер болуы тиіс;

ТАВАРРУК МӘМІЛЕСІН БАНКТІК НЕСИЕМЕН САЛЫСТЫРУ

Шарттары Таваррук Банктік Несие
1 Шариғат талаптарына сәйкес Ия Жоқ
2 Өсім (риба) Жоқ Бар
3 Мәміле түрі Сауда Қарыз
4 Пайда Рибх (үстем баға) Риба (өсім)
5 Пайда мөлшері Келісімшартта тіркеледі Уақыт өткен сайын өзгереді
6 Айыппұл Қайырымдылық қорларына жіберіледі Банк пайдасы
7 Мерзімінен бұрын өтегені үшін айыппұл Жоқ Бар

 

footop