Исламдық қаржыландыру

news5
Исламдық қаржыландыру

«Даму» фонды/қоры  Шариғат бойынша несиені жүзеге асыру жобалары жайлы біршама Исламдық қаржы институтттарымен келіссөздер жүргізуде, - деп хабарлайды LS агенттігі.  

2018 жылдың I тоқсанында жаңа өнім өндіріске ену керек. Хабарланғандай, қаржы құрылымдары қорға $100 млн. Бөлуге дайын. 

«Менің ойымша, жоба өзін танытқан уағдалы қаржыландыру тәсімімен жұмыс атқарады. Бізде, қазірдің өзінде, Исламдық қаржыландырумен шұғылданатын Банктерге $100 млн. ұсынуға дайын шетелдік әлеуетті серіктес бар», - деді «Даму» Басқарма Төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов.

Оның сөздерінше, жаңа жоба Қазақстандық кәсіпкерлердің танытқан қызығушылығынан пайда болған. Қазіргі кезде қор біраз Исламдық қаржы құрылымдарымен келіссөздер жүргізуде. Несие «Даму» қорының дәстүрлі бағыттарына, яғни экономиканың басым секторлар тізбесіне беріледі деп болжануда. Ақшановтың сөздері бойынша, осы жоба бойынша бөлінетін ақша көлемі ұлғаюы мүмкін.


«Қоржын мөлшері ұсынысқа байланысты. Егер, нарық осы қаржыландыруды кәдімгі қаржыландырудан тартымырақ деп тапса, онда біз $100 млн.-да тоқтап қалмай, әрі қарай қаражат тартуды жалғастырамыз»,- деді спикер. 

Әңгімелесушінің пікірінше, тәуекел деңгейі дәстүрлі қарыздан жоғары болмайды, өйткені бұл МСБ-ның тек бір ғана секторы. 


Бұдан басқа, қор франшиза үшін несие ұсынатын бағдарлама шарттарын өзгертуге ниеттенді.  

«Өткен жылы «Даму франшиза» жобасы бастау алды. Біз 1 млрд. тенге бөлген болатынбыз, бірақ көп мөлшердегі жоба санын көрмедік. Меніңше, біз әлеуетті қарыз алушыларға тым қатаң шарттар қойдық. Ал қазір жобаны жеңілдетіп, кәсіпкерлерді қызықтыруға ниеттіміз», - деп толықтырды Ақшанов мырза.

Оның айтуы бойынша, Қазақстандықтар жиі медициналық франшиза мен қоғамдық тамақтану саласындағы жобаларды таңдайды. Ескеретін жайт -  бұл салалар көбінесе Батыс Қазақстан аймағында кеңінен таралған және көбінесе ресейлік брендтер ұсынылады.

Қордың тағы да бір жаңа бағыты – ол краудфандинг.

«Біз әлеуметтік жобалардан бастайтын болдық. Бізге әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысуға ықылас білдіретін кәсіпкерлерден ұсыныс көп түседі. Базамызды ұлғайтып, baribirge.kz краудфандингтік платформасына шығарамыз. Содан кейін ұсынылған жобалардың инвесторлардың қызығушылығына іліккен-ілікпегенін бақылаймыз. Екінші кезеңде, біздің конкурстарға қатысатын, бірақ қаржыландыруға қол жеткізбеген кәсіпкерлердің жобаларын платформада жариялап, оларға қаражат жинауға ат салысамыз»,- деп толықтырды маман.

Оның мәлімдеуінше, «Даму» қорының өз жеке ақпараттық алаңын құруға ниеті жоқ және бар жобалармен симбиоз құрып, жұмыс атқаруды көздейді. 

Бұрын LS Қазақстандық кәсіпкерлер үшін медициналық франшизамен айналысу қанша екенін жариялаған болатын.

 

footop