Құрбан-байрам дегеніміз не мағына білдіреді және қайдан пайда болды?

news5
20.08.2018 Құрбан-байрам дегеніміз не мағына білдіреді және қайдан пайда болды?

Мейрам атауы араб тіліндегі ҚРБ деген түбірден шығады. Бұл түбірдің мағынасы «жақындау, жақын болу» дегенмен байланысты. Сондықтан мейрамның негізі құрбандық шалуда емес, Жаратушы Аллаға жақын болуға амал жасауда.


Құрбан-байрам мейрамының шығу тарихы Қасиетті Құран Кәрімде баяндалған. Ибрахимге (Алла оған разы болсын) түсінде өз ұлын құрбандыққа шалуға әмір етіледі. Ибрахим (Алла оған разы болсын) Алланың сынағы екенін білмеді және баласын  жатқызып, Алла әмірін орындағалы жатқанында мынадай дауысты естиді: «Әй Ыбырайым!  Түсіңді шынға айналдырдың. Риясыз ізгі іс істегендерді осылайша сынаймыз». Шексіз мейірімді Алла Тағала құлы үшін бала құрбандығын басқа бір ірі құрбандыққа ауыстырды. Бұл оқиға Меккеден алыс емес жерде болған еді. Сол шақтан бері адамзат  Ибрахим пайғамбардың  (Алла оған разы болсын) ерлігін, Аллаға деген ұлы махаббаты мен  шыншылдығын құрметтейді. Мұсылман қауымы үшін құрбандыққа мал шалу Аллаға ғибадат ету салты болып табылады. 
 

 

 

Ақпарат көзі:  muftyat.kz

footop