Достар, жақында Al Saqr Finance Компаниясы Шариғат аудитынан сәтті өтті

news5
11.04.2019 Достар, жақында Al Saqr Finance Компаниясы Шариғат аудитынан сәтті өтті

Шариғат аудитының рөлі мен маңызы туралы айтып берейік.

 
Әрбір ислам қаржы институты жыл сайын Шариғат ережесі мен қағидасына сай Шариғат аудитын өтіп тұру керек.

Аудиторлық тексеріс негізінде өсім алу, құмар ойын, қарыз сату, алып-сатарлық және Ислам  қағидасына қайшы келетін өндіріс пен тауар сатуды қаржыландыруға тиым салатын Шариғат қағидалары мен ережелері жатыр.

Қаржы институты Шариғат аудитын өткеннен кейін, оның клиенттері өздеріне расында Шариғатқа сай қызмет көрсетіліп, салған ақшасы рұқсат етілмеген нәрселерге жұмсалмайтынына сенімді бола алады.

Біздің Компанияның қызметін Сыртқы тәуелсіз эксперттер кеңесі (Шариғат кеңесі) – халықаралық Shariyah Review Bureau  компаниясы үйлестіретінін айта кеткен жөн https://alsaqr.kz/about/team.

Shariyah Review Bereau компаниясы ислам қағидалары бойынша әлемдегі үздік консалтинг компаниясы болып табылады. Оның нарықтағы тәжірибесі 12 жыл және компания 12-ден астам елде жұмыс істейді, оның ішінде, АҚШ, Еуропа, Африка, Парсы шығанағы мен Азия елдері http://shariyah.com.

Осылайша, Al Saqr Finance Компаниясы Шариғат аудиты тексерісінен өтті. Аудит нәтижесі бойынша, Шариғат кеңесі 2019 жылдың 22 қаңтарында есеп берді. Есепке сай, Компанияның 2017 жылғы қызметі Шариғатқа толық сай келетінін және Кеңестің нұсқаулықтары мен директивтері орындалып жүргенін Кеңес растады.

Достар, есеппен www.alsaqr.kz сайтымыздың «Біз туралы» - «Есеп» https://alsaqr.kz/about/reports бөлімінде таныса аласыздар.

 

Ақ ниетпен, 
Al Saqr Finance командасы

 

footop