Islamic Finance Qualification (IFQ) Courses

news5
09.11.2018 Islamic Finance Qualification (IFQ) Courses

Құрметті достар, біз Ислам қаржысы саласындағы "Islamic Finance Qualification (IFQ)" біліктілігіне дайындайтын кәсіби бағдарлама бастамақпыз.

Бұл сертификаттау Ислами және дәстүрлі қаржының айырмашылығын, оның құралдары мен құрылымдау техникаларын білгірі келетін қаржы нарығындағы кез келген маманға арналған. 

IFQ бағдарламасын "Chartered Institute of Securities & Investment (CISI)" пен Ливан Орталық банкі бірігіп жасаған. АХҚО-ның үздіксіз білім алу бюросы CISI-дің ресми серіктесі болып табылады. Алматы қаласында IFQ курсын өткізу серіктестері – АХҚО, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ мен "Аль Сакр Финанс" АҚ. Бағдарламаны сәтті аяқтаған үміткерлер АХҚО мен" Аль Сакр Финанс" АҚ-да тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болады.

IFQ-ге дайындау курсы (емтихан бағасын санамағанда) 75 000 теңге тұрады. Сонымен қатар, АХҚО-ның "Шартты гранттар" бағдарламасына ұсыныс беруге болады.

 Ұсыныстар 20 қарашаға дейін қабылданады, https://goo.gl/forms/3pHBKjJKkkebl3DK2.  

Оқыту Астанада 24 қараша күні, Алматыда – 25 қараша күні басталады.

IFQ курс ұзақтығы – 80 сағат.

Оқыту тілі –ағылшын.

Дәрістер демалыс күндері өтетін болады:

Астана: "Изумрудный Квартал" БО, Қонаев көшесі, 8Б.

Алматы: Гоголь көшесі, 111, "Даму" қорының ғимараты.

 

Ақ ниетпен, 
Al Saqr Finance командасы.

footop