Исламдық қаржыландырудың негізгі тыйымдары

Исламдық қаржыландырудың негізгі тыйымдары

 

1. Риба - өсімқорлыққа тыйым салу, араб тілінен аударғанда «өсу, артық» дегенді білдіреді. Риба несие нәтижесінде немесе айырбастау нәтижесінде алынған кез-келген заңсыз пайда.
Рибаның мысалдары:

  • банктік қарыздар бойынша пайыздар
  • депозит бойынша сыйақы
  • облигация бойынша купон
  • дәстүрлі коммерциялық банктердің орталық банктің қаражатын тарту
  • кешіктірілген төлем үшін банктік айыппұлдар

2. Гарар – ақпараттық проблемалардың нәтижесінде туындаған және шарттағы кез келген кездейсоқтық, түсініксіздік, сенімсіздікке қатысы бар тыйым. Гарар шарттағы бір тарап екінші тараптан жасырынған кезде немесе шарт мәнін бақылау мүмкін емес болғанда пайда болады.
Гарардың болуымен байланысты келесі операциялар түрлері анықталды:

  • тауардың сатушының толық иелігінде болмауы немесе тауардың әлі қол жетімді болмауы
  • өзіне тән барлық сипаттамалары, қасиеттері мен сапаларының толық сипаттамасы жоқ тауарларды сату
  • тауардың нақты бағасының келісім-шартта көрсетілмеуі
  • болашақта белгісіз жағдай қарастырылған келісім-шарт дайындау
  • сатып алушының тауарды тексеруге мүмкіндігінің болмауы

3. Майсир – құмарлыққа тыйым салу. Араб тілінен аударғанда Майсир «күш салмай пайда табу» дегенді білдіреді. Майсир сауда және қаржы қатынастарындағы кез келген құмарпаздықтың (тікелей немесе жанама) танылуын білдіреді.

4. Харам – Шариғат заңы бойынша тыйым салынған қызметтерді қаржыландыруға тыйым салу: алкоголь, темекі өнімдері, шошқа еті, оқ-дәрі және т.б. өндіру. Нарықтық қатынас саласында бұл – мұсылманға Шариғатта тыйым салынған қандай да бір іс-әрекеттердің жүргізілуіне және дамуына ықпал етуіне тыйым салынуы.

footop